Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жерлеу рәсімдеріне қаржы жұмсауды заңмен шектемек

Алдағы уақытта қайтыс болған адамды жерлеу мен қабір салу тәртіптерін нақтылайтын заң жобасы дайындалады.

pogudx5pfrmsv9sob.90973ce9

Бұл туралы Астана арнасы хабаралйды.

Алматы жерлеу қызметтері комбинаты қызметкерлерінің айтуынша, қазақтардың көпшілігі мазарды үлкен етіп салу үшін банктерге барып несие рәсімдеуден де тайынбайды.

«Қазіргі таңда қазақтар арасында мәйітті жерлеуде де бәсекелестік асқынып кетті. Осыны тоқтату үшін бірқатар бастамалар бар», — дейді «Алматы салттық қызмет көрсету арнайы комбинаты» ЖШС директоры Марат Исмайылов.

Телеарнаның мәліметінше, Қазақстанның Мұсылмандарының Діни Басқармасы қазірдің өзінде жерлеу тәртіптерін дайындап қойды. Құжатта қабірдің басына мәрмәрдан тас қою мен ескерткіш орнатудың міндетті еместігі, тек қана көрінетіндей етіп қоршап қою жеткізікті екені айтылған.

Жіберіп алмаңыз:

Дінтанушылар: Зират түйе өркешінен биік болмауы тиіс

ҚМДБ: Мұсылман зиратына қатысты қағидаларды жариялады

Шариғат бойынша зират қасынан өткенде бет сипау дұрыс па

Зират басына қайтыс болған адамның суретін қоюға бола ма?

Талқылау