Қазақстанда жасанды интеллект функциялары бар жаңа eGov порталы биыл іске қосылады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жаңа eGov жүйесінің биыл іске қосылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov4c.kz
Министрдің сөзінше, жаңа eGov порталы жасанды интеллект функциясымен қамтылады.
“Портал жаңа технологиялармен, жаңа архитектурамен құрылады. Сосын ЖИ функциясы пайда болады, қазір ЖИ көмекшісі тестілеуден өтіп жатыр. Сосын визуалды түрде жаңартылады. Ерекше қажеттігі бар азаматтарға арналған функциялар да пайда болады”, – деді министр.
Жаслан Мәдиев порталда ақаулар болмайды деп болжам жасай алмайтынын жеткізді.
“Алайда біз мұны болдырмау үшін жұмыс істейміз. Кейде техникалық мәселелер eGov-тың өзінен пайда болмайды. Сондай-ақ бұған қатысы бар басқа да функциялар мен техникалық шешімдер әсерінен болады”, – деп қосты Мәдиев.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"