Қазақстанда жанармай мен сұйылтылған газ бағасы ақпаннан бастап көтеріледі
Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев ақпан айынан бастап елде жанармай мен сұйылтылған газ бағасының өсетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткен брифингте энергетика министрі мемлекет енді жанармай мен газ бағасын бақылауды азайтатынын жеткізді.
“Шамамен, жанармай бағасы біртіндеп ақпаннан бастап көтеріледі. Сұйылтылған газ құны да жақын арада қымбаттайды. Ал жазда тауарлық газдың бағасы көтеріледі деп күтеміз. Былтыр баға өсуінің бірінші кезеңінен өттік. Сұйылтылған газ құнының шекті бағасы 54-85 теңге аралығында болды. Енді алдағы уақытта аймаққа байланысты 64-98 теңге аралығында болады”, – деді ол.
Ал жанармай бағасы 4 теңгеге өсуі мүмкін. Алмасадам Сатқалиев қазір АИ-92 маркалы жанармайдың 1 литрінің құны 205 теңге. Жеңіл көлігі бар бір отбасы аптасына 50 литр немесе айына 200 литр жанармай жағады.
"Айына 41 мың теңге шығады. Егер АИ-92 бағасы бір литрі үшін 4 теңгеге қымбаттаса, айына 800 теңге ғана шығады”, – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық тарифтері мен жанармай бағасы тым төмен екенін айтқан еді. Тоқаевтың айтуынша, ТМД елдерінің барлығында электр энергиясы, газ және мұнай өнімдерінің тарифтері мен бағалары Қазақстаннан жоғары.
"Бәрі жанар-жағармай шекара асырып заңсыз шығарылып жатқанын көріп отыр. Бұл өз кезегінде қылмыстық әрекеттердің өршуіне себеп болады", – деп қосты президент.