Қазақстанда жанармай экспортына тыйым салу мерзімі ұзартылады
Қазақстанда кейбір мұнай өнімдерінің экспортына тыйым салу мерзімі ұзартылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: unian.net
Энергетика министрлігі "Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін шығарудың кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрықтың жобасын дайындады.
“Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін”, – делінген жобада.
Қазақстандағы бензин ТМД бойынша ең арзан болып шықты
Кейбір мұнай өнімдерін еллен шығаруға шектеу жоқ. Олар:
- автокөлік өндірушісі ұсынған газ цистерналарында шығару;
- өнеркәсіптік өндіріске енгізу мақсатында тәжірибелік партиядан алынған үлгілердің қоспаларын іріктеуге, біліктілік және зертханалық сынақтар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған авиациялық отын;
- ҚР үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде экспортталатын мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері.
Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында орналастырылан және 2024 жылдың 19 тамызына дейін талқыланады.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда мазутты экспорттауға арналған кедендік салықтың төмендетілген мөлшерлемесін алып тасталатыны туралы жазған болатынбыз.