Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жанар-жағармай бағасына қойылған шектеу алынып тасталмақ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанар-жағармай бағасына қойылған шектеуін алып тастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Бұл туралы Астанада өткен дөңгелек үстелде АЗРК төрағасы Марат Омаров мәлімдеді.

Омаров атап өткендей,  Орталық Азия аймағындағы теңгерімсіздік пен бағаның арзандығынан Қазақстаннан басқа елдерге жанар-жағармай тасымалдау жағдайлары көбейген.


Қазақстанда орташа айлық жалақыға қанша жанармай сатып алуға болады


“Баға шектеулерін жою туралы шешім қабылданды. Алайда бұл мәселені негізгі ойыншылар қарастыруы керек. Бұған дейін "Petrosun" ЖШС нарықтың 50%-ға жуығын бақылаған, бірақ ол бізге "ҚазМұнайГаз" құрылымының активтері ретінде қайтарылды. Қазір жанар-жағармай нарығының 80 пайызы мемлекет бақылауында. Маңызды кезең жанар-жағармайдың шекті бағасын реттеу болып табылады", – деді М.Омаров.

АЗРК төрағасы монополияға қарсы заңнаманы бұзбау бойынша ірі желілермен жұмыс істеу тетігі әзірленіп жатқанын айтты.

"Бірте-бірте бағаны қатаң бақылаудан бас тартуымыз керек", – деді Омаров.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда 26 күнге жетерлік жанармай қоры қалғаны туралы жазғанбыз.

Талқылау