Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Жаңа жыл түні тыныш өтті – Полиция департаменті

полиция жаңа жыл түні

Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Жаңа жыл қарсаңында елімізде тыныштық орнады. Полиция қызметкерлері Жаңа жыл мерекесі кезінде жоғары дайындықта болғанын қосты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полицияның мәлімдеуінше, Жаңа жыл қарсаңында ешқандай ауыр оқиғалар болған жоқ. Яғни көшелерде немесе қоғамдық орындарда ауыр немесе аса ауыр қылмыстар болмады.


"Отшашуды тексермек болған кезде көзіне атылған": Павлодарда отшашу мен петардадан жасөспірімдер зардап шекті


"31 желтоқсан таңертеңінен 1 қаңтар таңына дейін полицияның жедел байланыс орталығының 102 нөміріне 11 448 қоңырау түсті, оның 3082-сі түнде болды. Қоңыраулардың көпшілігі ақпараттық сипатта болды. Азаматтар петардаларды пайдалану туралы, мұз айдындары мен жаңа жыл шыршаларының орналасқан жері туралы сұрады. Тауда жоғалған адамдар туралы хабарлады, көліктер тасталғаны мен шығуға кедергі келтірілгені бойынша қоңырау шалды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция қабылданған шаралар мен полицияның үйлесімді жұмысының арқасында мерекелік шаралар ойдағыдай өтті деп мәлімдеді. Көшелерде және қоғамдық орындарда тәртіп толық сақталғанын айтады.

Еске салсақ, Таразда Жаңа жыл қарсаңындағы ірі өрттен кейін төтенше жағдай жарияланған еді. 

Қырмызы Скендирова
Жұма, 02 Қаңтар, 2026 08:46