Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа сот органы пайда болады: Оның қызметі қандай

Елімізде кассациялық соттар үшін 1 шілдеден бастап жаңа ведомоство пайда болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

сот сток

Фото: Pixabay.com

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда кассациялық соттар департаментін құру туралы жарлыққа қол қойды. Дәл осы қаулымен Жоғарғы Сот жанындағы сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның құрамы да өзгертілді. Бұрын оның құрамында жеті адам болған – үш облыстық сот судьясы, үш Жоғарғы соттың судьясы және бір отставкадағы судья. Енді олардың қатарына кассациялық соттың екі өкілі қосылды.



Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қазан айында өткен судьялардың IX съезінде жаңа биліктің мәнін түсіндірді.

“Аты айтып тұрғандай, үшінші инстанциядағы сот отырысының басым бөлігін кассациялық соттар алады. Қазір кассациялық шағымдарды Жоғарғы Сот қарайды”, – делінген хабарламада.

Сот жүйесіндегі өзгерістерден кейін сот тәжірибесінің біркелкі болуы және аса күрделі істердің үшінші сатыда қаралуы Жоғарғы Сотқа жүктеледі деп жоспарланып жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда 3 кассациялық сот пайда болатыны айтылды. 

Талқылау