Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа мемлекеттік компания құрылды

Үкімет Қазақстанда жаңа мемлекеттік компания құру жөнінде қаулы қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pexels.com

"Жарғылық капиталына мемлекет 100% қатысатын "Теңіз Жасағы" акционерлік қоғамы құрылсын", – делінген құжатта.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бөлігі – мұнай төгілуін жою бойынша жедел іс-шараларды жүзеге асыру.

"Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен серіктестік жарғысын бекітуді, сондай-ақ уәкілетті тұлғаны сайлауды қамтамасыз ету жүктелді. Акционерлiк қоғамның атынан мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарға қол қоюға, қаржылық-шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға және оны құрудың басқару органдары алдында үшiншi тұлғалардың алдында оның мүдделерiн бiлдiреді", – делінген қаулыда.

Серіктестіктің жарғылық капиталы республикалық меншіктен қалыптасады. "Теңіз Жасағы" АҚ-ның болжамды құны – 187 миллион теңге.



Есте салайық, бұған дейін елімізде ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті құрылатынын жаздық. 4 қыркүйекте үкіметтің Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы қаулысы бекітілді. Құжатқа сәйкес, Туризм индустриясы комитеті оның құрамынан Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу жөніндегі комитетін бөлу арқылы қайта құрылды.

Талқылау