Қазақстанда қандай көліктер көп сатылады
Фото: Pixabay.com
Мамырда Қазақстанда жаңа көліктердің сатылымы 2024 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 1,5 есе өсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көшбасшылар тізімінде Hyundai, Chevrolet және Kia бар. Қытайлық Jetour, Chery және Changan брендтерінің сатылымы күрт өсті. Мұны Қазақстан автомобиль қауымдастығы мәлімдеді.
Биыл мамырда қазақстандықтар 19,4 мың көлік сатып алды, оның 18,6 мыңы жеңіл көліктер болды. Бұл 2024 жылдың мамыр айымен салыстырғанда 51,4% көп. Қаңтар мен мамыр айларында барлығы 85,5 мың автокөлік сатылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,7% көп.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биыл Қазақстанда несиелеу бағдарламалары, маркетингтік науқандар және дилерлер мен банктер арасындағы ынтымақтастықтың артуы автокөлік нарығына әсер етті. Жыл басынан бері жаңа автокөлікті орташа сатып алу бағасы – 15,9 млн теңге.
Hyundai 4004 көлік (+66,3%) сатып көш бастады. Одан кейін Chevrolet (2 344 көлік; +74,3%) және Kia (2 004 көлік; +5,3%) келеді. Changan 1526 көлік (+124,7%) сатып, алғашқы бестікке енді.
Jetour 1 278 автокөлік (+92,5%) және Geely – 1 009 "жеңіл автомобильдерін" (+124,2%) сатты.
Chevrolet Cobalt сатылымдар бойынша бірінші орында тұр (1869 көлік). Одан кейін Hyundai Tucson (1554 көлік), үшінші орында Kia Sportage (995 көлік) тұр. Сондай-ақ мамыр айында үздік ондыққа Changan CS55 Plus, Chery Tiggo 2 және Jetour X50 кірді, бұл қазақстандықтардың қытайлық кроссоверлерге деген қызығушылығы жоғары екенін көрсетіп тұр.

"Қазақ жігіттері эмоциясын көрсете алмайды": Бразилиялықпен көңіл жарастырған қазақстандық аруды сүйіктісінің ұлты да, жасы да алаңдатпаған
