Қазақстанда жаңа JAC JS4 кроссоверінің тұсаукесері өтті
Алматыда жаңа JAC JS4 моделінің тұсаукесері өтті. Автокөлік JAC модельдер желісіндегі мүлдем жаңа дизайн мен стильдің соңғы тұжырымдамасын көрсетеді.
Автокөлік қазақстандық Allur автомобиль компаниясының Қостанай қаласы зауытында шығарылады. JAC JS4 B-SUV сегментіндегі орташа өлшемді кроссовер болып табылады және 1,6 литрлік атмосфералық қозғалтқышпен немесе 1,5 литрлік Турбо қозғалтқышпен, тиісінше 109 (а.к.) және 136 (а. к.) ие механикалық беріліс қорабымен (MT) немесе үздіксіз ауыспалы вариатор қорабымен (CVT) бірге жұмыс істейді.
Жаңа JAC JS4 кроссовері Comfort МТ, Luxury MT/CVT және Ultimate CVT деп аталатын 3 түрлі жинақтамада ұсынылады. Әр жинақтама опциялар жиынтығымен ерекшеленеді және Ultimate жинақтамасы еңі жоғарғы болып табылады. Қалалық кроссовердің бағасы 9 880 000 теңгеден басталады.
Бүгінгі таңда көптеген тұтынушылар үшін автокөліктің ыңғайлы болуы, дизайны, өлшемдері, қауіпсіздігі мен сенімділігі маңызды, және бұл сипаттамалардың барлығы JAC кроссоверлер желісін біріктіреді.
JAC JS4 заманауи, өршіл, өзіндік пікірі бар адамдарға арналған, мұны агрессивті дизайны бар автокөліктің сыртқы түрінен түсінуге болады. Шанақтағы тегіс сызықтармен және көлбеу артқы тірек және корпус бойымен өтетін акула тәріздес сызық автокөліктің сыртқы түрінің бірегейлігін көрсетеді де, оған динамикалық көрініс береді.
JAC JS4 жалпы өлшемдері - ұзындығы, ені және биіктігі 4410*1800*1660 мм. Доңғалақ базасының ұзындығы - 2620 мм, автокөліктің салмағы-1365 кг, ал клиренсі - 150 мм.
Автокөліктің интерьері экологиялық таза материалдарды қолдана отырып, заманауи сән үрдістеріне сәйкес жасалған. JAC JS4 салоны үш тематикалық режимі бар 10.25 дюймдік толық сандық бақылау тақтасымен, сондай-ақ Apple CarPlay ® және Android Auto ® қолдауымен 10.25 дюймдік сенсорлық дисплейі бар мультимедиялық жүйемен жабдықталған.
Автокөлік қауіпсіздігі үшін жүргізуші мен жолаушыларды қорғаныспен қамтамасыз ететін 6 қауіпсіздік жастықшасы жауап береді. Сондай-ақ бірқатар пайдалы опциялар бар, мысалы: жолақты басқару сенсоры, ESC тұрақтылық жүйесі, соқыр аймақты бақылау жүйесі, артқы тұрақ датчиктері, артқы көрініс камерасы, құлыпқа қарсы тежеу жүйесі (ABS), сондай-ақ ISOFIX балалар креслоларына арналған қондырғылар.
Гидравликалық тежеу жүйесі Magna реттелген шасси жүйесімен біріктіріліп, тиімді тежеуді қамтамасыз етеді. Соқыр нүкте датчигі радарлардың көмегімен соқыр аймақты жабу арқылы жолақты ауыстыру кезінде төтенше жағдайдың пайда болуының алдын алады.
Өз сегментінде JAC автокөліктері ең жақсы технологиялық модельдерді ұсынып, жыл сайын өз клиенттерінің сүйіспеншілігі мен сенімі арқылы брендтің танымалдылығын арттыруда.
Дилерлердің байланыс нөмірлері мен мекенжайларын jac-motors.kz сайтынан табуға болады. JAC әлеміндегі соңғы жаңалықтарды @jac.qazaqstan ресми Instagram аккаунтында бақылаңыз.