Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама кейінге қалдырылды: Бюджеттік өтінімді қаржы министрлігі қабылдамады

Мемлекет азаматтарға екінші деңгейдегі банктердің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін төлеуді жоспарлаған жаңа ипотека 2023 жылдың екінші тоқсанына ауыстырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

ипотека

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәлімдеуінше, бюджеттік өтінімді қаржы министрлігі қабылдамады.

“2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру үшін қаржы министрлігіне 24,5 миллиард теңге сомасына бюджеттік өтінім жіберілді”, – деп мәлімдеді министрлік.

Алайда қаржы министрлігі өтінімді қолдамады. Ол 2023 жылы республикалық бюджетті нақтылау кезінде қайта тапсырылады. Егер өтінімге қолдау көрсетілсе, субсидиялау жөніндегі тетікті іске қосу 2023 жылдың екінші тоқсанында жоспарланады.

"Жаңа ипотека" деп аталатын ипотеканы субсидиялау тетігі осы жылдың көктемінде 12%-дық төмендетілген мөлшерлемемен орта тапқа арналған бағдарлама ретінде таныстырылды.

Ипотеканың алғышарттары:

Несиелеу мерзімі – 20 жылға дейін.
Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының кемінде 20%-ы.
Мақсаты - "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы"АҚ кепілдігімен қамтамасыз етілген бастапқы немесе салынып жатқан тұрғын үйді сатып алу.

Қарыздың ең жоғары сомасы:

Астана мен Алматыда – 35 миллион теңгеге дейін;
Ақтау, Атырау, Шымкент – 25 миллион теңгеге дейін;
Қарағанды – 20 миллион теңгеге дейін;
басқа өңірлерде –15 миллион теңгеге дейін.

Талқылау