Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын шешіп алу шегін көтеру ұсынылды

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу шегі көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың мәліметінше, өзгерістерді сәуірде енгізу жоспарланған. Оның айтуынша, қазір жобаны Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі талқылауда.
Бұл шешім жастар арасындағы қаржылардың белсенді түрде алынуына байланысты қабылданған. Қордан алынған 5 триллион теңге жинақтың 1 триллион теңгесі 20-35 жас аралығындағы адамдарға тиесілі болды.
Қазақстанда 2028 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы өзгереді
Министрдің айтуынша, жастар болашақ зейнетақысын жұмсаудың орнына, алдымен жинақтауы қажет. Министр жұмыс істеп жүрген 2,9 миллион қазақстандық мүлде жарна төлемейді және зейнеткерлікке шыққанда тек 35–80 мың теңге алады.
Жаңа ережеге сәйкес, минималды жеткіліктілік шегі жыл сайын 10%-ға (8% + 2%) арттырылатын болады. Оның үстіндегі қаражатты алдын ала шешім алу мүмкіндігі сақталады. Емделуге немесе несие төлеуге мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі де сақталмақ.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда зейнетақы жүйесіне өзгеріс енгізілетіні туралы жазған едік.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан