Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еңбек өтілін растау үшін мұрағатқа бармайды: Қазақстанда зейнетақы тағайындау 10 күннен 1 күнге дейін қысқартылмақ

ЗейнеткерФото: freepik.com

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин цифрландыру зейнетақы тағайындау рәсімін қалай жеңілдететін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаныш Төлеушиннің айтуынша, бұған дейін зейнетақы тағайындау процесі күрделі болып келген әрі азаматтардың жеке қатысуын талап ететін. Төлемдерді алу үшін өтініш беру, құжаттарды жинау және жұмыс тәжірбиесін растау қажет болды.

"Қағаз деректерді өңдеу кідірістерді, кезектерді тудырды. Бүгінде пилоттық режимде принципті жаңа тәсіл енгізілді. Жасы бойынша скоринг негізінде жүйе зейнетақы ісін автоматты түрде қалыптастырады. Еңбек өтілі туралы мәліметтерді тексереді және азаматтар тарапынан өтініш жасамай-ақ төлемдерді проактивті тағайындайды", – деп мәлімдеді ол.

Вице-министрдің сөзінше, бұл трансформация қызмет көрсету мерзімін 10 күннен 1 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. 

Осыған байланысты ол еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жобаның ауқымын кеңейту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Аида Тақабаева
Сейсенбі, 29 Шілде, 2025 13:17
Талқылау
`