Қазақстанда зейнетақы шотындағы қаражатқа пәтер сатып алуға бола ма?
Зейнетақы шотындағы жинақтың бір бөлігін шешіп, пәтер сатып алуға жұмсау - мәселені түбегейлі шешпейді. Осылай деген депутаттар кеше премьер-министрге сауал жолдап, тұрғын үй құрылысы мәселесін реттейтін резервтік қор құруды ұсынды. Өйткені көбінің жинаған зейнетақы қордағы ақшасы бір миллион теңгеден аспайды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
Депутаттық сауал жолдаған Айқын Қоңыров сингапурлық әдісті ұсынды. Айтуынша, онда тұрғын үй, медициналық сақтандыру, оқу және зейнетақы жинақтарының барлығы бір жүйеге енгізілген. Жинақтарды орталықтандырылған резервтік қор басқарып, халықтың әлеуметтік қажеттілігін шешуге жұмсалады, дейді.
Депутаттың сөзінше, сингапурлықтардың 80 пайызы осы қордың көмегімен тұрғызылған пәтерлерде тұрып жатыр.
«Онда мемлекет қаржылай жоспарлауды өз мойнына алады. Сонда салымшы зейнетақысыз да қалмайды, пәтер де сатып алады. Құрылыс жұмыстарын жүргізуді осылайша орталықтандырылған инвестицияның көмегімен шешуге болады», - дейді мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі