Қазақстанда ұзақ жасайтын әйелдер ерлерге қарағанда үш есе көп болып шықты
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда ердерге қарағанда ұзақ өмір сүретін әйелдер саны үш есе көп. Бүгінде елімізде 90 және одан жоғары жасқа толған 36 мыңнан астам адам бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Ұзақ жасаушылардың ішінде 26 мыңнан астам әйел мен 10 мыңға жуық ер адам бар. Ұзақ өмір сүретіндер саны бойынша көшбасшылардың бестігінде Алматы қаласы, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстары бар. Павлодарда да аз емес – 2039 адам.
Мәселен, павлодарлық 99 жасында Нина Степановна өлең шумақтары мен әндерді әлі күнге дейін есінде сақтаған. Ондаған жылдар бұрын болған оқиға мен күндер де жадында.
“Әрине, соғыс жылдары жұмыс істедім. Шалдайға 1942 жылы атаңнан бұрын келдім. Мұнда орман шаруашылығында жұмыс істедім. Ол кезде өнеркәсіптік шаруашылық болды. Ағаш кесіп, үгінділерді жинадым”, – деді Нина Астахова.
Зейнеткер өзінің ұзақ өмір сүруінің ешқандай құпиясы жоқ екенін мойындайды. Айтуынша бұл жақсы ген мен тұқымнан. Ата-бабалары да ұзақ өмір сүрген.
Геронтолог та өмір сүру ұзақтығына генетиканың әсер ететінін растайды. Сондай-ақ, өмір салты мен өз денсаулығына қарау, хобби мен қоғамға сіңісу деңгейі де маңызды екен.
“Қазақстанда көп жағдайда еркектерде барлық стрессті өз бойында ұстау әдетке айналған. Олар, мысалы, медициналық ұйымға психологқа келмейді. Ер адамдар өз мәселелері туралы айтуға өте сирек келеді”, – деді геронтолог Дильназ Азаматова.
Дәрігердің пікірінше, әйелдердің қоғаммен жоғары байланысы оларға эмоционалды түрде ашылуға және ұзақ өмір сүруге көмектеседі.
“Адам өз денсаулығына неғұрлым ертерек қамқорлық жасай бастаса, ұзақ өмір сүру мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Тұрақты физикалық белсенділік, теңдестірілген тамақтану, эмоционалды тұрақтылық және белсенді әлеуметтік өзара әрекеттесу ұзақ және қанағаттанарлық өмірге ықпал етеді”, – деді Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жаттықтырушысы Елена Ковалева.