Қазақстанда ұялы байланыс тарифтерінің өсуі 5G-ге салынған инвестициямен байланысты – Вице-министр

Фото: pixabay.com
Жасанды интеллект және цифрлық даму саласының бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин Қазақстанда ұялы байланыс тарифтерінің қымбаттауы 5G желісін дамытуға бағытталған инвестициялармен байланысты екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Коняшкиннің айтуынша, министрлік, оның ішінде телекоммуникация саласында да, тарифтерді реттеуші орган болып саналмайды.
"Кез келген даму инвестициялық шығындарды талап етеді. Бұл осы салада жұмыс істеп жатқан компаниялардың өз қаражаты. 2023 жылдан бері байланыс операторлары инфрақұрылымға 700 миллиард теңгеден астам инвестиция салды. Қазір жаңа стандарт бойынша, соның ішінде 5G базалық станцияларын орнату белсенді жүріп жатыр. Сонымен қатар байланыс жоқ немесе жылдамдығы қазіргі талаптарға сай келмейтін аумақтарды қамту үшін антенна-мачталық құрылғылар орнатылуда", – деп түсіндірді Коняшкин.
-
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады
-
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Оның сөзінше, жекелеген жағдайларда байланыс операторлары тарифтерді көтеруге құқылы.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар