Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тұңғыш президент атындағы ұлттық қорғаныс университетінің атауы өзгермек

Назарбаев атындағы қорғаныс оқу орнының атауы өзгередіФото: archive.sarbaz.kz

Жоғары оқу орны енді Қазақстан Республикасының ұлттық қорғаныс университеті деп аталады. Өзгеріс үкіметтің "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына енгізілетін өзгерістер жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құжат 2025 жылғы 18 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.

Аталған жоғары оқу орнының атауынан тұңғыш президенттің есімі алып тасталатыны туралы 2023 жылы белгілі болған. Сенат депутаттары "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы туралы" Конституциялық заңның күші жойылуына байланысты университетті қайта атауды ұсынған.

Айта кетейік, Ұлттық қорғаныс университеті – Қазақстан қарулы күштері мен басқа да арнайы мемлекеттік органдар үшін офицерлік құрамды даярлайтын жоғары әскери оқу орны. Университет 2003 жылы сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен құрылып, 2018 жылы оның аты берілген еді.


"Басқа елдердің саясаткерлерімен кездесуге құқығы бар": Сенат төрағасы Әшімбаев Назарбаевтың Мәскеуге сапары туралы айтты


"Бірлік үшін дұға": Назарбаев өзі салған мешітке барды


Еске салайық, 2024 жылдың қаңтарында Астанадағы ұлттық қорғаныс университеті аумағынан Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алып тасталды. Қорғаныс министрлігі бұл шешімді университет атауының өзгеруімен байланыстырды. Ескерткіш Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайға көшірілмек. Бұған қоса, елде Назарбаевтың есімі берілген нысандардың атауы өзгере бастады: Астанадағы екі вокзалдың атауы өзгертілді, ал Назарбаев қоры Алматыдағы ғимаратын мемлекет меншігіне берді.

STAN.KZ
Сейсенбі, 08 Шілде, 2025 23:00
Талқылау