Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда туристік аймақта қызмет көрсету сапасының төмендігі үшін шенділер жауапқа тартылады

премьер жиын өткізді

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметінен

Тоқаев Алакөл маңындағы демалыс орындарын ретке келтіруді тапсырған соң премьер-министр Олжас Бектенов жиын өткізіп, орынбасарын аймақтарды аралауға жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жиында премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың, туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың Алакөл көлінің жағалауындағы ахуал туралы, сондай-ақ туристік инфрақұрылым, сервис және қауіпсіздік мәселелерін қоса алғанда, еліміздің туристік аймақтарында жазғы демалыс пен қолайлы жағдайларды ұйымдастыру жөніндегі баяндамалары тыңдалды.

Сонымен қатар Тоқаевтың ескертулерін жедел жою үшін жергілікті жерлерде жұмыстарды үйлестіру мақсатында премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев пен туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов өңірлерге жіберіледі.

“Оның қорытындысы бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс берілмек”, – делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алакөл маңындағы туристік аймақтардың жағдайын дұрыстауды тапсырған еді. 

Назархан Уән
Бейсенбі, 10 Шілде, 2025 19:09
Талқылау