Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда TikTok-қа қандай жағдайда шектеу қойылады – Министрлік жауап берді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Цифрлық даму министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Руслан Әбдіқалықовтан қазақстандықтардың жеке деректері сыртқа шығып кетуінің алдын алу үшін TikTok желісіне тыйым салу мәселесі туралы сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: postium.ru

Руслан Әбдіхалықов Мәдениет және ақпарат министрлігі интернеттегі заңсыз контентті қадағалап, оған кіруді шектейтінін атап өтті. Оның айтуынша, департаментке еліміздің азаматтарынан Tik Tok платформасында жеке мәліметтерді тарату фактілеріне қатысты ешқандай шағым түспеген. 

“Мұндай фактілер анықталған жағдайда біз әлеуметтік желі әкімшілігімен тікелей байланысқа шығамыз. Байланыс заңнамасына сәйкес, біз әріптестерімізге жарлық шығаруы үшін жүгінеміз. Егер келіссөз сәтсіз аяқталса, онда кез келген платформаға төтенше шара қолданып, шектеу қоямыз. Бұл тек TikTok-қа ғана емес, кез келген платформаға да қатысты”, – деді Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің басшысы. 



Бұған дейін Руслан Әбдіхалықов Қазақстанда жаңа call орталық ашуды ұсынған еді. 

Талқылау