Қазақстанда темекі тағы 12% қымбаттады

Қазақстанда темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағасы 12,1% өсіп, 920 теңгеге жетті. Қаржы министрі Мәди Такиевтің бұйрығында бұл баға шілдеден бастап 31 желтоқсанға дейін күшінде болатыны айтылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министр бұған дейінгі, 2022 жылғы 22 ақпандағы №196 "Сүзгісі бар және сүзгісіз темекі, папирос, сигарилла және қыздырылатын темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеу туралы" бұйрыққа өзгерістер енгізді.
Жаңа бұйрыққа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі баға 970 теңгеге дейін өседі.
Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2035 жылға дейін темекі, алкоголь және қантты сусын бағасын 50%-ға көтеруді ұсынды. Бұл қадам халық денсаулығын жақсартуға және өлім-жітімді азайтуға бағытталған. Бағаның өсуі 50 жылда 50 миллион адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Қазақстанда темекі шегушілер саны артып келеді, мысалы 2024 жылы 20,7%-ға жеткен.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді