Қазақстанда темекі тартатын жасөспірімдер саны күрт өскен
Фото: kavdjaradze.ru
Ұлттық статистика бюросы жүргізген жыл сайынғы зерттеу нәтижелері бойынша еліміздегі ересек халықтың 17,5 пайызы темекі өнімдерін тұтынатынын анықтады. Зерттеу Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық облысты қамтыған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 20,7 пайыз болған. Зерттеу 12 мың үй шаруашылығында жүргізілген. Сауалнамаға 15 жастан асқан азаматтар, яғни әр отбасыдан бір адам қатысқан.
Темекі шегетіндердің үлесі еліміздегі жас топтарының көпшілігінде азайған. Әсіресе 29 бен 48 жас аралығындағы азаматтар арасында бұл үрдіс айқын байқалады. 29-38 жас аралығындағы темекі тартушылар 5,5%-ға, 39-48 жас аралығындағылар 5%-ға азайған. Осылайша, 2025 жылы бұл жас топтарындағы темекі шегушілердің үлесі сәйкесінше 19,3% және 22,7%-ды құрап отыр.
Алайда жасөспірімдер арасында жағдай күрт өзгерген. 15-17 жас аралығындағы балалар мен жеткіншектер арасында темекі шегетіндер үлесі 1,2%-дан 3,6%-ға дейін өскен.
Жас және жыныс көрсеткіштеріне сенсек, темекіні негізінен ер адамдар тұтынады. Сауалнамаға қатысқан ерлердің 34%-ы темекі шегетінін айтқан. Әйелдер арасында бұл көрсеткіш едәуір төмен небәрі 5%. Сонымен қатар ауылдық жерлерде ересектердің шамамен әр бесіншісі (19,1%) темекі шегеді, ал қалаларда бұл көрсеткіш 16,7 % болған.
Қазақстанда темекі тағы 12% қымбаттады
Еске салайық, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2035 жылға дейін темекі, алкоголь және қантты сусын бағасын 50%-ға көтеруді ұсынды. Бұл қадам халық денсаулығын жақсартуға және өлім-жітімді азайтуға бағытталған. Бағаның өсуі 50 жылда 50 миллион адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Қазақстанда темекі шегушілер саны артып келеді, мысалы 2024 жылы 20,7%-ға жеткен.