Қазақстанда темекі шегетіндер саны көбейіп келеді: Вейпке тыйым салу мәселені шеше ме?
Темекі өнімдерінің бағасы көтеріліп жатса да, былтыр темекі сатылымы 69% өсті. Ал темекі өндірісі 4% өсті. Қазақстандық темекі фабрикалары өткен жылмен салыстырғанда 4 миллиардқа көбірек табыс тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
Темекі шегушілердің жартысын отандық компаниялар қамтамасыз етіп отыр. Нарықтағы өнімдердің 51%-ы импорт.
Осы жылдың қорытындысы бойынша темекі компанияларының табысы артуы мүмкін, өйткені бәсекелестер азаяды. Парламент мәжілісінде вейптерге тыйым салу туралы заң жобасы қаралып жатыр. Сонымен қатар вейптерге арналған сұйықтар, хош иістер мен снустарға да тыйым салу көзделіп отыр. Заң жобасы бірнеше жыл бойы талқыланды. Сарапшылар вейптер шығаратын түтінде зиян химиялық заттар бар деген тоқтамға келді, олардың ағзаға қалай әсер ететіні әлі толық зерттелмеген.
Сонымен қатар электронды темекі пайдаланушылардың көбі – жасөспірімдер мен жастар.
“Мектепте оқитын әр екінші жасөспірім электронды темекі пайдаланады. Балалар арасындағы тренд осындай деңгейге жетті. Өйткені біздің аймақта электронды темекі өнімдері, вейптер қолжетімді. Әр бұрышта вейпшоптар бар, вейптер азық-түлік дүкендерінде сатылады. Бала оны кез келген жерден сатып ала алады”, – дейді "Темекісіз" КҚ денсаулық сақтау бағдарламасының координаторы Жанар Төлебаева.
Сарапшылар берген ақпаратқа сәйкес, Қазақстан вейпке тыйым салып отырған бірінші ел емес. Әлемде 30-ға жуық ел электронды темекіні таратуға және сатуға тыйым салған. Мұндай әрекетті қылмыстық жауапкершілікке тартады. Вейптерді, оның хош иістендіргіштері мен сұйықтығын сату анықталған жағдайда 200 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Айыппұл 700 мың теңге немесе 50 тәулікке дейін қамауға алынады.
Шетелден әкелу және электронды темекіні өндіру үшін 2 мың АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Айыппұл көлемі — 7 миллион теңге, ең қатаң жаза — 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру. Мұндай құқық бұзушылық түрін бірнеше рет қайталаса, қылмыстық топ немесе аса ірі табыс табумен байланысты болса, 18,5 миллионға дейін айыппұл салынады немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Вейп сатушылары өз өнімін темекіні тастау әдісі ретінде жарнамалайды. Мысалы, электронды темекі қауіпсіз және оған тәуелді болмайсыз деп айтып жатады. Бірақ дәрігерлер кейбір вейп құрамындағы никотин темекіден де көп деп отыр. Ал канцерогендер мен басқа химиялық заттар ересектердің де, балалардың да денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін.
“Электронды темекіде сұйықтар бар, олардың құрамына пропиленгликоль кіреді. Әртүрлі хош иістендіргіш те бар. Құрамындағы қауіпті заттар түрлі ауру туғызады: тыныс жолдарының ауруы, трахеит, бронхит, өкпе құрылымы бұзылуы, альвеола. Бұл тыныс алу қиындауы әсерінен болады”, – дейді дәрігер-нарколог Раушан Баймұрынова.
Мамандардың айтуынша, вейптерге тыйым салынғаннан кейін мектеп оқушылары зиян әдеттен бас тартуға мәжбүр болады. Өйткені темекі өнімдері тек 21 жастан асқан сатып алушыларға сатылады.
Заң жобасы қазір мәжілісте, оны сенат пен президент қарауы керек. Мемлекет басшысы қол қойғаннан екі ай өткенде заң күшіне енеді.