Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда теледидар мен радиода орындалған музыка үшін авторларына сыйақы автоматты түрде есептеледі

музыка авторларына сыйақы беріледіФото: Орталық коммуникациялар қызметі

Қазақстанда музыкалық контенттің қолданылуын автоматты түрде тіркеп, авторларға сыйақы есептейтін бірыңғай цифрлық платформа енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Вице-министрдің айтуынша, жаңа жүйе авторларға өз шығармаларының қай жерде және қалай қолданылып жатқанын жеке кабинет арқылы бақылауға, ал пайдаланушыларға есептеулердің дұрыстығын растауға мүмкіндік береді. Негізгі мақсат — авторлық құқық саласында ашықтық орнату және барлық пайдалануларды дәл тіркеу.

"Қазіргі уақытта теледидар мен радиоарналарды автоматты тану және есепке алу жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, музыкалық шығарма телеарнада немесе радио эфирінде орындалса, оған қатысты ақпарат цифрлық жүйеде бекітіледі, ал авторға сыйақы белгіленген тәртіппен автоматты түрде есептеледі", - деді Жақселекова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Платформаны енгізу кезеңдері:

- I кезең —заң күшіне енгеннен кейін. Эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдары жүйеге қосылады.
- II кезең — 2026 жылғы 1 шілдеден бастап. Театрлар, кинотеатрлар және филармониялар қосылады.
- III кезең — 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап. Платформа барлық өзге пайдаланушылар үшін міндетті болады.


 

  • Енді коучтар мен "инфосыған" блогерлер дипломсыз курс сата алмайды: Жаңа заң дайындалып жатыр

Әділет министрлігінде бұл жүйенің енгізілуі роялти төлемдеріне қатысты дауларды азайтып, авторлар мен контент пайдаланушылары арасындағы қарым-қатынасты барынша ашық ететініне сенімді.

Рая Мінәп
Сейсенбі, 09 Желтоқсан, 2025 18:09