Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тәтті өндіруші "Яшкино" компаниясына қатысты тергеу басталды

Павлодар облысында монополияға қарсы органдар Қазақстандағы ірі кондитерлік сатушыға қатысты тергеуді бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: tagilcity.ru

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, тәттіні өткізу нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдалану дерегі бойынша "КДВ Казахстан" ЖШС-не қатысты тергеу басталды.

"Талдау нәтижелері бойынша компания қызметін іске асыру барысында тәтіге түрлі баға белгілеген. Дәлірек айтсақ, кондитерлік өнімдерді сату бойынша балама шарттарға әртүрлі бағалар мен шарттарды қолданған. Мұндай фактілер монополияға қарсы заңнаманың бұзылғанын көрсетеді", – делінген хабарламада. 



Монополияға қарсы органдар компанияға  хабарлама жолдады. Олардан анықталған бұзушылықты өз еркімен жою талап етілді. Агенттік мәліметінше, компания "тергеу бастауға негіз болған шарттарды орындамаған".

"Жүргізіліп жатқан тергеу аясында компания әрекетіне құқықтық баға беріледі", – делінген хабарламада. 

KDV group компаниясы жеңіл тағамдар, кондитерлік өнімдер мен соустар шығаруға маманданған Ресейдегі ең ірі азық-түлік холдингтерінің бірі.

Қазақстандағы "КДВ Қазақстан" филиалы ("КДВ Қазақстан" ЖШС) өнімдерді Yashkino, Babyfox, O'zera, Calve, Nina Farina брендтерімен сатады.

KDV Group ресейлік азық-түлік холдингінің негізін кәсіпкер Денис Штенгелов қалаған. 

Айта кетейік, бұған дейін "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ға қатысты тергеу басталғаны туралы жазған едік. 

Талқылау