Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда газдалған сусындарға арналған салық мөлшері қалай өзгереді – Қаржы министрі жауап берді

Қазақстанда құрамында қант бар өнімдерге салынатын жаңа салық мөлшері қандай болады? Мұндай сұрақ бүгін қаржы министрі Мәди Такиевке қойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Шенеуніктің сөзінше, құрамында қанты бар өнімдерге салықты көбейтуді Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған. Қаржы министрлігі оны есептеуге әлі кіріспепті. 

“Денсаулық сақтау министрлігінің өз мақсаты бар екені түсінікті. Қанттан қандай аурулар туындайтынын, оның салдары қандай екенін жақсы білесіздер. Сол себепті “тәтті” акциз енгізу ұсынылды. Біз әзірге бұл мекемелерге қосымша жүктеме артудың қажеті жоқ деп ойлаймыз. Есептеу жүргізген жоқпыз, себебі оны қалай есептеу керегі туралы база болған жоқ. Сусындардағы қант мөлшері де әртүрлі екені белгілі. 100 грамда 12 қасық, кейбірінде 5, кейде 8 қасық болады. Қалай анықтаймыз, қалай әкімшілендіреміз - басқа мәселе, сол себепті бұл іске біз әлі кіріскен жоқпыз”, - деп жауап берді Мәди Такиев. 

Бұған дейін ұлттық экономика министрлігі құрамында қант бар өнімдерге жаңа салықты енгізу мәселесін қарастырып жатқанын жазған едік.

Талқылау