Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда танымал бес көлік маркасы белгілі болды: Тізімге қос қытайлық марка енді

“Қазақстанның автокөлік одағының” мамандары Қазақстанда ең танымал бес көлік маркасын атады. 2024 жылдың алғашқы он айының қорытындысы бойынша тізімге қос қытайлық бренд енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

туксон

Фото: hyundai.com

Одақ дерегіне сәйкес 2024 жылдың қаңтар мен қазан айлары аралығында экспортты қоса есептегенде Hyundai маркасы ең танымал деп танылды. Бұл марканың елде 31 957 көлігі сатылған.

Келесі орында Chevrolet маркасы орналасты, биыл алғашқы он айда 24 957 бірлік көлік сатылды. Ал үшінші орында Kia маркасының 20 135 бірлік көлігі сатылды.

Төртінші және бесінші орында қытайлық көлік маркалары тұр. Алғашқы 10 айда Jac маркасының 10 772 бірлігі сатылыпты. Ал Jetour маркасының 8 680 көлігі өз иесін тапты.

Модельдер арасында Chevrolet Cobalt (21 126 бірл.), Hyundai Tucson (16 401 бірл.), Kia Sportage (7 452 бірл.), Hyundai Elantra (4 606 бірл.) және Jetour X70 (4 275 бірл.) көліктері көп сатылған. 

Ұлттық статистика бюросының берген мәліметі бойынша, қазан айында Қазақстанда жалпы құны 189,8 миллиард теңге болатын 14 885 бірлік көлік құрастырылған. Өндіріс көлемі 2023 жылғы көрсеткішке қарағанда 2,8% ұлғайды. Жалпы он айда елдегі зауыттар 107 128 бірлік техника құрастырды, оның ішінде жеңіл автомобиль саны – 96 554 (-14,4%), жүк көліктері – 6 404 (-14,7%), автобустар – 2 207 (-3,1%). Сонымен қатар жалпы құны 1,39 трлн теңге болатын 1 504 бірлік тіркеме мен жартылай тіркеме және 459 бірлік басқа арнайы техника жасалды.

Талқылау