Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда талапкерлер колледждерге емтихан тапсырмай түсе алады

Қазақстанда колледждерге түсу емтихандарын алып тастайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

студенттер

"Министрлік жергілік атқарушы органдармен бірлесе қаражатты нақты студентке бекіту ұстанымы бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастырудың жаңа тетігі даярланды. Егер осыған дейін өңірлердің білім басқармасы колледждер арасында мемлекеттік тапсырысты өздері орналастырса, енді жаңа механизм бойынша ЖОО-ға және "Балапан" бағдармасына ұқсас абитуренттер колледжді әрі мамандықты өздері таңдайды", - деді вице-министр.

Ол талапкерлердің жаңа ережелер бойынша колледждерге қалай түсетінін айтты.

"Жаңа механизмге сәйкес, педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтар бойынша арнайы сынақтарды қоспағанда, колледждерге түсу емтихандары болмайды", - деді Бибігүл Асылова.

Бұған дейін Қазақстан колледждерінде оқу мерзімі 2 жылға дейін қысқаратыны хабарланды.

Талқылау