Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан колледждерінде оқу мерзімі 2 жылға дейін қысқарады

Колледждерде оқу мерзімі қысқаратын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына академиялық дербестік беріледі. Соның аясында бірқатар өзгерістер енгізу мүмкін болады.  

- Колледждерде оқытылатын білім бағдарламалары жұмыс берушілердің қатысуымен жетілдіріледі, жаңартылады және нарықтағы сұраныс пен талаптарға сәйкес икемделеді.

- 9-сыныптан кейін колледжге оқуға түскен студенттер үшін оқу мерзімі бұрынғыдай үш жарым жыл емес, екі жылға дейін қысқарады.

- 11-сыныптан кейін колледжге түскендер үшін оқу мерзімі екі жарым жыл емес, 1,5 жылды құрайтын болады. 

- Колледждердегі білім беру грант көлемі кезең-кезеңмен ұлғаяды. 

Биыл "Жас маман" жобасы аясында 180 колледждің инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары аяқталады. Жобаның қорытындысы бойынша әрбір өңірде материалдық-техникалық базасы, жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламалары бар кемінде 7 заманауи колледж жұмыс істейтін болады.

Талқылау