Қазақстанда тағы бір әлемдік жұлдыз концерт өткізеді
Фото: https://www.instagram.com/till_lindemann_official/
Танымал әлем жұлдызы Тилль Линдеманның елімізде жеке концерті өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Rammstein тобының солисі Тилль Линдеманн 2026 жылдың 7 қаңтарында Алматыда жеке концерт өткізеді.
Шоу Almaty Arena сахнасында өтеді. Meine Welt (Менің әлемім) туры аясында ұйымдастырылып отыр. Билеттер осы аптада сатылымға шығарылады. Сатылым жүйесі төмендегідей жүзеге асырылмақ:
- Бейсенбі, 12:00 – Freedom Bank картасы иелері мен Freedom SuperApp қолданушылары үшін алдын ала сатылым;
- Жұма, 12:00 – барлық платформаларда ашық сатылым басталады.
Сондай-ақ Тикетон және өзге де ірі онлайн-сервистер арқылы сатып алуға болады.
Айта кетейік, Till Lindemann – неміс вокалисті, ақын және лирик. Rammstein, Lindemann және Na Chui металл топтарының фронтмені. Ол Apocalyptica, Phantom Vision, Puhdys, Knorkator және Emigrate топтарының, сондай-ақ Ковач, Заз секілді әншілердің әндерін жазған.
Талқылау

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
Балаға психологиялық әрі физикалық қауіп төнеді

Қазақстандық исламтанушы мигранттардың діни ахуалға әсерін айтып берді
Исламтанушы Қанат Байбосынұлының сөзінше, Сириядан келген мигранттардың басым бөлігі Қазақстанға "Жусан" операциясы арқылы оралды