Қазақстанда табылған Стоунхендж әлем ғалымдарының таңданысын туғызды
Археолог мамандар Маңғыстау даласынан табылған объектіні Стоунхенджбен салыстыруда.
Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.
Екі жыл бұрын Ақтауда Алтынқазған кешеніне зерттеу жүргізе бастады. Жергілікті тұрғын кешеннен күміспен апталған ер тоқымды кездейсоқ тауып алған. Тарихшылар оны ежелгі заманға тиесілі деп тапты. Археологтар сол жерге зерттеу жүргізу барысында үлкен шіркеу мен көп зергерлік бұйымдар тапты. Жердің көлемі 130 гектарды құрайды.
Жақында Ancient Civilizations from Scythia to Siberia журналында Алтынқазған жайлы мақала жарияланды. Онда қазақстандық зерттеуші Андрей Астафьев мен ресейлік әріптесі Евгений Богдановтың зерттеуі жазылды. Бірнеше беделді ғылыми басылымдар бұған жоғары баға берді. Әлемдік сарапшылар атақты британдық кешеннен артық болған қазақстандық Стоунхендж жайлы талқылады.
Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының директоры Марат Өтесінов кешеннің әлі де зерттелетінін, мұнда әлем таңданатын жаңалықтар ашылатынын айтады.
Ғалымдар салтқа сай тастан суреттер салына отырып қалаған кешенді кімдер жасағанын зерттеуде. Олардың ғұндар, аварлар әлде басқалар болуы да мүмкін. Не дегенмен алдағы уақытта Қазақстанда тарих оқулықтарына жазылатындай жаңалық ашылатыны анық.
Александр Скрелинг
Жіберіп алмаңыз:
17 жасында миллион теңге табыс тапқан қазақ баласы кәсібінің сырын айтты
Есек терісінің бағасы: Елімізде есек терісінін алушылар оны қайда өткізеді
Өзінің ең қымбат, ең қимас нәрсесін Алла үшін біреуге беру дұрыс па
Израиль парламентінде күтпеген жағдай орын алып, азан шақырылды (видео)