Қазақстанда стоматологтардың табысы бес жылдық рекордты жаңартты
Қазақстанда стоматологтардың табысы бес жылдық рекордты жаңартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
2024 жылы көрсетілген стоматологиялық қызметтердің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп болған.
"2024 жылы стоматологиялық қызметтер 209,9 млрд теңгеге көрсетілді. Алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш атаулы түрде 1,5 есеге өсіп, кемінде соңғы бес жылдағы рекордты жаңартты", – делінген Бірінші несие бюросының хабарламасында.
Бюроның мәліметінше, соңғы төрт жылда, 2023 жылдан басқа кезеңді қоспағанда, стоматологиялық клиникалардың кірісі күрт өсіп келеді. 2021 және 2022 жылдары қызмет көрсету көлемі алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда екі есеге жуық артқан.
- Қазақстанда қай өңірдің тұрғындары ең көп табыс табатыны белгілі болды
-
Қазақстанда 3 миллион теңгеден көп табыс табатындарға салынатын салық пайызын көбейту ұсынылды
"2024 жылы стоматологиялық қызметтер көлемінің күрт өсуі зейнетақы жинақтарын пайдалануға шектеу қою және жұмыс істейтін зейнеткерлерге бюджеттен төленетін төлемдерді тоқтату туралы бастамалар көтерілген тұста тіркелді. Бұл бастамалардың ешқайсысы іске аспағанымен, жалпы алғанда, қазақстандықтарды едәуір алаңдатқан секілді", – деп атап өтті бюро өкілдері.
Қазақстанда стоматологиялық қызметтердің орта есеппен 80%-ы халықтың жеке қаражаты есебінен қаржыландырылады. Саланың кірісінің артуына ықпал еткен қосымша фактор – қызметтердің қымбаттауы. 2021-2024 жылдар аралығында олардың бағасы жылына орта есеппен 11,5%-ға өсіп отырған, ал 2022 жылы ең жоғары өсім – 18,3% деңгейінде тіркелді.
Еске салсақ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Асқар Биахметов алдағы уақытта жұмыссыз қалмайтын мамандық иелерін атаған еді.