Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстанда соғыс болмас үшін қолдан келгеннің бәрін жасадым" – Назарбаев

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев інісі Болат Назарбаевқа арнап ас берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Назарбаев келушілерге жылы лебіздері мен шынайы тілектерін білдірді.

“Осындай қиын сәтте ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көңіл айту жеделхатын алдым. Бірқатар мемлекет басшылары, саяси және қоғам қайраткерлері мен Қазақстан азаматтары қайғыма ортақтасып, көңіл айтты. Мен барлығына шын жүректен алғыс айтамын", – деді экс-президент.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихын туралы айтып, бүгінде Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан реформалардың маңыздылығын атап өтті.

“Әр ұрпақтың өз жолы, өз міндеті бар. Келесі ұрпақ өз өзгерістерін әкеледі. Өзгеріссіз даму да болмайды, алға баса алмаймыз", – деді Назарбаев.

Сондай-ақ Назарбаев Қазақстанда ешқашан соғыс болмағанын еске салды.

“Бүгін мен туралы көптің не айтатынын білемін, бірақ мен қолдан келгеннің бәрін жасадым, Қазақстанда соғыс болған жоқ", – дейді ол.

Талқылау