Қазақстанда сирек жер металдарының 11 кен орны анықталды
Фото: shutterstock.com
Қазақстанда сирек жер металдарының 11 кен орны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Астанада өткен үшінші халықаралық тау-кен конгресінде өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәлімдеді.
Егер кен қоры жөніндегі болжамдар расталса, Қазақстан әлемдегі сирек жер металдарының ең ірі қорына ие елдердің ондығына кіреді. Анықталған кен орындарынан литий, лантаноид-тауроидтар, неодим секілді 17 түрлі сирек жер элементі табылған.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі геология комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Байбатыровтың айтуынша, бұл металдар турбиналар, электромобильдер және басқа да өнімдерді жасау үшін қолданылады.
АҚШ Орталық Азиядағы сирек кездесетін металдарға қол жеткізуге ниетті – БАҚ
Қазақстан алтын мен сирек металдардың 50 кен орнын аукционға қояды
"Литий – барлыгымыздың телефонымызда, барлық батареяларда бар. Литийге деген үлкен сұраныс не себепті туындады? Себебі батарея өндірісі, электромобильдер, чиптер белсенді дамып жатыр", – деді ол.
Министрлік өкілінің айтуынша, 2018 жылдан бері Қазақстанда қатты пайдалы қазбаларды барлауға 2906 лицензия, ал өндіруге 111 лицензия берілген. Сондай-ақ министрлік өкілі салада мамандардың жетіспеушілігі, жұмыстарды қаржыландырудың жеткіліксіздігі және бағдарламалардың орындалу деңгейінің төмендігі секілді бірқатар мәселелер бар екенін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда сирек кездесетін жер элементтерінің мол қоры табылғаны туралы жазған едік.

"Омыртқасы сынып, мүгедек болып қалды": Қытайда жүк тасушы компания қазақстандықтың биіктен құлауына себепкер болған
