Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк әр аймақта азық-түліктің қаншалықты қымбаттағанын айтты

Елдегі жылдық инфляция шілдеде қарқын алып, 8,6% болды. Сәйкесінше еліміздің әр аймағында азық-түлік бағасы өскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жылдық инфляция 14 өңірде артқан. 4 өңірде баяуласа, 2 өңірде өзгеріссіз қалды.    

Шілдеде азық-түлік тауарларының бағасы 5,5% дейін өсті. Маусымда баға 5,4% өзгерген еді. Баға өсімі Алматы қаласында байқалды, ол 8,1% болды , ал аз өсім Түркістан облысында (3,0%) байқалды.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 7,3% баяулады, маусымда ол 7,4% еді. Бағаның өсу қарқыны Маңғыстау облысында мықты, яғни 13,6%-ға тең, ал минимал мән Алматы облысында (5,1%) тіркелді.

Шілдеде ақылы көрсетілетін қызмет бағасы 14,5% өсті, маусымда ол 13,8% болған. Сонымен қатар Павлодар облысында (18,8%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Ұлытау облысында (10,2%) айтарлықтай төмен болды.

Шілдеде ел бойынша айлық инфляция 0,7%-ға өсті, бұл – орташа мәнінен төмен. 

Талқылау