Қазақстанда шай бағасы 18%-ға өсті
Қазақстанда қара шай 18,3%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме беріп.

Елімізде орташа есеппен бір килограмм шай шамамен 4500 теңге тұрады.
Шай Астана, Қызылорда, Шымкент, Алматы және Ақтау тұрғындарына қымбатқа түседі.
Өнімнің ең төменгі бағасы Жезқазғанда байқалды, мұнда килограмы 3 943 теңгеге сатылады.
Негізінен танымал сусын Қытайдан, Үндістаннан, Ираннан, Шри-Ланкадан, Пәкістаннан, Түркиядан және Кениядан импортталады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазақстандықтар айына 127 грамм шай тұтынады.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық
