Қазақстанда салық есебін тапсыру нысандарының саны 60%-ға қысқарды

Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында салықтық әкімшілендірудің сервистік моделіне көшу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрдің айтуынша, салық есебін тапсыру нысандарының саны жыл сайын төмендеп келеді. Мысалы, 2009 жылдан бері 70-тен 28-ге немесе 60%-ға азайған.
Енді бұған қосымша 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндеттемелер сомасы 1 миллион теңгеден аспайтындар үшін мүлік, көлік және жер салықтары бойынша ағымдағы төлемдерді тоқсан сайын таппсыру міндеті жойылады. Кәсіпкер жыл қорытындысы бойынша бір декларация тапсырып, оларды сол кезде төлейді.
- Қазақстанда жылжымайтын мүлікті жалға беруге салынатын салық мөлшері өсуі мүмкін
- Тойға ақша жинайтындар салықтық тексеруге ілінбеу үшін не істеу керек: Қаржы министрлігі жауап берді
“Маңызды жаңалық – есеп тапсырмағаны үшін “айыппұл салу” тәжірибесінен бас тарту. Егер декларация тапсырылмаса, ол нөлдік көрсеткіштермен берілген деп есептеледі де, бұл кезде қосымша есеп беру және деректерді дұрыс нақтылау құқығы сақталады”, – деді Мәди Такиев.
Бұған дейін бірнеше жұмыс істейтін қазақстандықтар да декларация тапсыратыны туралы жазған едік.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгереді?