Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда сақтандыруды таңдауды жеңілдететін онлайн-құрал іске қосылды

сақтандыру

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Қор") сақтандыру өнімдері бойынша жаңа цифрлық анықтамалық ұсынды. Жоба қаржылық қызметтер нарығындағы ашықтықты арттырып, тұтынушы мен сақтандыру компаниялардың арасындағы байланыс арнасын жеңілдетуге бағытталған.

Қазақстандағы сақтандыру саласы жаңа даму кезеңіне қадам басты. Қордың ресми сайтында сақтандыру өнімдеріне арналған онлайн-анықтамалық іске қосылды. Бұл құрал азаматтарға және кәсіпкерлерге өз қажеттіліктеріне сай сақтандыру шешімін қабылдауға мүмкіндік беріп, нарықты зерттеуге кететін уақыт пен ресурсты едәуір қысқартуға бағытталған онлайн-платформа.

Нарықтың ашықтығы арта түседі

Онлайн-анықтамалық - бұл Қазақстанда ұсынылатын сақтандыру сыныптары мен өнімдері бойынша құрылымдалған ақпарат көзін біріктіретін онлайн-платформа. Онда әрбір сақтандыру түрі қысқаша сипаттамамен беріліп, тікелей сақтандыру компанияларының сайттарына өтуге мүмкіндік қарастырылған.

Қордың хабарлауынша, жоба тұтынушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және сақтандыру саласындағы қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

"Біз пайдаланушы үшін барынша түсінікті және сенімді ақпараттық орта қалыптастыруды көздейміз. Анықтамалық - бұл таңдау еркіндігі мен делдалсыз өзара іс-қимылға мүмкіндік беретін құрал", - делінген Қордың ресми мәлімдемесінде.

Бизнестің мүддесі ескерілген

Анықтамалық тек жеке тұлғаларға ғана емес, сонымен қатар шағын және орта бизнес өкілдерінің мүддесі жайлы ескерді. Қаржылық тәуекелдерге бейім кәсіпкерлік субъектілері енді нарықтағы сақтандыру өнімдерін сараптап, тиімді шешімді тез қабылдауға мүмкіндік алады. Бұл әсіресе уақыт пен ресурсты оңтайлы пайдалануды көздейтін кәсіп иелері үшін өзекті.

Қолжетімділік пен тиімділік

Анықтамалықтың басты артықшылықтары:

•    Бір терезе қағидаты бойынша шоғырланған ақпарат;
•    Нақты және жаңартылатын дереккөздер;
•    Уақыт үнемдеу және операциялық тиімділік;
•    Сақтандыру келісімдерін тікелей рәсімдеуге мүмкіндік.

Пайдаланушылар Анықтамалықты Кордың ресми сайтынан таба алады:

Жаңа цифрлық бастама - қаржылық мәдениетті қалыптастыру жолында

Сақтандыру саласындағы бұл бастама - тұтынушылардың сенімін арттыруға және қаржылық сектордағы ақпараттық алшақтықты қысқартуға бағытталған жүйелі қадам. Жоба дамудың келесі кезеңінде жаңа функциялармен және қосымша дереккөздермен толықтырылады.

Анықтамалық - бұл сақтандыру қызметтеріне қолжетімділікті арттыратын, қаржылық шешім қабылдауды жеңілдететін тиімді навигатор. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 30 Маусым, 2025 11:33
Талқылау