Ресейлік компаниялар Қазақстаннан жаппай кетіп жатыр – Статистика
Фото: Elements.envato.com
2024 жылдың сәуірінен шілдесіне дейін Қазақстанда Ресей азаматтарының қатысуымен жұмыс істейтін компаниялар саны 728-ге азайып, 17,6 мыңға жетті. Бұл соңғы алты жылдан астам уақыттағы ең үлкен қысқару болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес Ресейлік бизнес төмендеп жатқанына қатарынан бес тоқсан болды. Бұл үрдіс 2022 жылы геосаяси жағдайлар шиеленіскеннен кейін байқалған күрт өсімнен соң басталды. Содан бері ресейлік кәсіпорындар саны біртіндеп бұрынғы деңгейге қайтып келеді. Жалпы алғанда, 2024 жылғы сәуірден бері 2 100 компания жұмысын тоқтатқан (сол кезде 19,7 мың еді).
Айта кетейік, ресейлік компаниялар барлық салаларда азайып жатыр. Ең үлкен төмендеу сауда және IT салаларында тіркелді қысқарудың жартысынан көбі осы екеуіне тиесілі.
Дегенмен Ресей Қазақстанда шетелдік компаниялар саны бойынша әлі де бірінші орында тұр. Бірақ бұл арада басқа елдердің, мысалы Өзбекстан мен Қытайдың бизнесі өсіп келеді.
2024 жылдың екінші тоқсанында Өзбекстаннан келген компаниялар саны 527-ге өсіп, 5,4 мыңға жетті. Бұл өсім негізінен түрлі қызмет көрсету салаларына тиесілі.
Қытайлық компаниялар саны 503-ке көбейіп, 4,5 мыңға жетті. Бұл өсімнің 40%-ын сауда саласы беріп отыр.
Алайда, жалпы алғанда, шетелдік капитал қатысқан компаниялар саны 254-ке азайып, қазір 44,7 мыңға тең. Бұл төмендеуге ең көп үлесті Ресей берді.
Қазақстанда салық төлемейтін шетелдік маркетплейстер бұғатталады
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Қарашығанақта газ өңдеу зауытын салу үшін шетелдік акционерлерден бас тартқан еді. Энергетика министрлігі акционерлер қойған шарттарға көңілі толмай, келіссөзді тоқтатты. Компаниялардың 1 миллиард долларға жуық қосымша төлемдерді талап еткені, сондай-ақ өнеркәсіптік жобаны жүзеге асыруды қазіргі арбитраждық іспен байланыстыруға тырысқаны көрсетілген. Бұл шарттар елге "мүлдем қолайсыз" және ұлттық мүдделерге сәйкес келмейді дейді.

“Газ плитасы, күннен қуат алатын панельдер алып дайындаламыз”: Алакөлде шатырда қонып жүрген қазақстандық отбасы жабайы демалысты дәстүрге айналдырған
