Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда психотроптық препараттарды қолдануға квоталар белгіленді

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда психотроптық препараттарды қолдануға арнайы квоталар белгіленгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: med.mcfr.kz

Мәліметтерге сенсек, дайындаған "Қазақстан Республикасының 2025 жылға арналған есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларға арналған мемлекеттік квотаны бекіту туралы" үкімет қаулысында айтылған.

Есірткі және психотроптық заттарға арналған квоталар келесі мақсаттар үшін белгіленген:

  • медициналық мақсатта;
  • ғылыми-зерттеу және оқу мақсаттарында;
  • өндірістік мақсатта.

Шектеу қойылған заттардың қатарына героин, кодеин, кокаин, метадон, морфин, оксикодон, промедол, фентанил және басқа да заттар кіреді.

"Квота енгізу 2025 жылы медициналық ұйымдар мен отандық өндіріс кәсіпорындарын есірткілік және психотроптық заттармен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – делінген құжатта.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланып, оны 28 ақпанға дейін қоғамдық талқылау жалғасады.



Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда есірткі өндіретіндерге берілетін жаза қатаңдатылатынын жазған едік. Заң есірткі өндірісі үшін ғана емес, осы қылмыстық әрекет үшін лауазымды адамдардың да жауапкершілігін едәуір қатаңдатты. Енді бұл қылмысқа қатысы бар тұлғаларды мүлкін тәркілеп, 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Талқылау