Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда полицейлерге жол жиегінде көлікті ала таяқпен тоқтатуға қайта рұқсат беріледі

Фото: Ішкі істер министрлігі

Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлеріне жол жиегінде тұрып, ереже бұзған көліктерді ала таяқпен тоқтатуға қайта рұқсат беретін ескі норманы қалпына келтірді. Өзгеріс 12 жылдан кейін енгізіліп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

2013 жылы тәртіп сақшыларына осы мүмкіндік тыйым салынған еді. Енді жаңа ережеге сәйкес, патрульдік полицейлер қызметтік көлік немесе мотоциклден бөлек арнайы орындарда тұрып, ереже бұзғандарды тоқтата алады. Сонымен қатар жүргізуші мас немесе шаршаңқы көрінсе, көлікті немесе жүкті тексеруге, техникалық жағдайын бақылауға құқылы.

ІІМ хабарлауынша, патруль-қызметтің жаңартылған ережелері 28 қарашадан бастап күшіне енеді. Министрлік бұл шара жол қауіпсіздігін күшейтіп, полиция қызметінің тиімділігін арттырады деп есептейді.

Автосарапшы Арсен Шақуов жаңа норманы қолдайды, өйткені бұрын патрульдік полицейлердің қызметі шектеліп, жолда тәртіп бұзушылар көбейген. Ал кейбір жүргізушілер ескі ереженің қайтарылуы жемқорлыққа жол ашуы мүмкін деп алаңдайды.

"Полицейлерге ала таяқ ұстауға тыйым салу асығыс шешім болды. Бұл жолдағы тәртіп бұзушылардың көбейуіне себеп болды. Енді стационарлық бақылаудың оралуы полиция қызметін тиімді етеді", – деді автосарапшы Арсен Шақуов.


Түркістан облысында полицейлер өздеріне оқ атқан ер адамды атып өлтірді


Жол ережесін бұзып, көлігіне жалған нөмір таққан "Amanat" депутаты видеоны жариялаған азаматтан 5 миллион теңге талап еткен


Еске салайық, бұған дейін енді Қазақстанда 60 км/сағ асыру үшін 157 мың теңге айыппұл салынатынын жазған едік. Қайталаған жағдайда сома екі есе өседі. Жол апатына себеп болса, 78 мың теңге айыппұл немесе 9 айға жүргізуші куәлігінен айыру қарастырылған.

Айым Атамбаева
Сенбі, 22 Қараша, 2025 15:37
Талқылау