Қазақстанда пәтерді жалға алу келісімшарттарын eGov порталында жасау ұсынылды
Қазақстанда тұрғын үй нарығын бақылауға алу үшін пәтерді жалға алу шарттарын eGov жүйесінде жасау ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап.

Ресей Федерациясында ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін елімізге келген көрші ел азаматтарының саны артты. Сәйкесінше Қазақстанның бірқатар қаласында жалға берілетін тұрғын үйдің бағасы шарықтап кетті. Мәселені шешу үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Азаматтарға арналған үкімет" порталында жалға берушілер үшін электронды келісімшарт жасауды ұсынды.
“Біз белгілі бір платформаларда, соның ішінде eGov.kz сайтындағы тетікті екі рет басу арқылы жалға беруші мен жалға алушы арасында жасалатын стандартты келісім-шартқа қол жеткізгіміз келеді”, – деді цифрлық даму министрі Бағдат Мусин.
Танымал продюсер еңбек өтілін дәлелдей алмағандықтан зейнетке шыға алмай жүр
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен
"3 ай бұрын шай төктің, ақысын төле деді": Ақтауда бойжеткенді кафеде ұрып-соғып, сүйреп шығарып жіберген (видео)
Жансая: "Диванды жудырған ақы 14 мың теңгені төле, деп телефонымды тартып алды"