Қазақстанда орташа жалақы өсті
Қазақстанда орташа жалақы өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстанда 2022 жылдың 4-тоқсанында атаулы жалақының орташа мәні 338 715 теңге болды. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 22,9 пайызды, нақты мәнде 2,8 пайызды құрады", – делінген хабарламада.
Бұл ретте, жалақының медианалық мәні (еңбекақы диапазонының орталық деңгейі) бағалаулар бойынша 2022 жылдың 4-тоқсанында 204 168 теңге.
Бір жылда орташа айлық жалақы құрылыс саласында – 42%, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсетуде – 32,6%, ақпарат және байланыста 31,9% өсті. Ал түрлі қызмет көрсету саласында керісінше, 2,4% төмендеген.
Өңір бойынша ең жоғары өсімі Ұлытау облысында тіркелді – 35,2 пайыз. Ең төменгі өсім Алматы облысында – 6,5 пайыз.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген