Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстан мектептерінде орыс тіліне толық тыйым салынады": Білім министрлігі түсіндірді

Желіде 2023 жылдан бастап Қазақстанда орыс тіліне толық тыйым салынатыны және еліміздегі барлық мектептер тек қазақ тіліне көшетіні туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі StopFake.kz басылымына сілтеме жасап. 

мектепБұл ақпарат шындыққа жанаспайтын болып шықты. 

ҚР Ғылым және білім министрлігі ұсынған деректерге сәйкес, қазіргі кезде елімізде 6957 мемлекеттік мектептің 3733-і тек қазақ тілінде, 1160 мектеп орыс тілінде, 2047 мектеп қазақ және орыс тілдерінде білім беретінін айтты.

"Бұл ретте еліміздегі барлық мектептерді қазақ тіліне толық көшіру жоспарда жоқ. Орыс тілі оқу пәні ретінде барлық мектептерде, оның ішінде білім беру процесі мемлекеттік тілде өтетін мектептерде 1-ден 11-сыныпқа дейін оқытылады. Қазақстанда басқа да этностардың тілдерін дамыту белсенді қолдау табуда. Бұған мысал ретінде ұйғыр, өзбек және тәжік ұлттық тілдеріндегі мемлекеттік мектептерді атап өтуге болады", - дейді министрлік. 

Қазақстанда орыс тіліне толық тыйым салу туралы қауесет негізсіз, ал мақалада ұсынылған фактілер бұрмаланған және шындыққа сәйкес келмейді.

Талқылау