Қазақстанда онлайн-кредит рәсімдеуге жаңа талаптар енгізілді
Фото: Depositphotos.com
Қазақстанда банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін қарыз және микрокредит шарттарын жасау тәртібіне жаңа талаптар енгізілді. Енді азаматтарға онлайн кредиттерді рәсімдеу кезінде жеке қатысу, "шешім қабылдау кезеңі" және белгілі бір жас санатындағы қарыз алушыларды қорғау шаралары қарастырылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Агенттіктің мәліметінше, қабылданған өзгерістер қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын күшейтуге бағытталған.
Қаулымен банктер мен микроқаржы ұйымдарына мынадай міндеттер жүктеледі:
• клиенттің кредит/микрокредит алудан ерікті түрде бас тарту мүмкіндігін қамтамасыз ету;
• қарыз алушы мерзімді әскери қызметке шақырылған жағдайда шарт жасаспау;
• 150 айлық есептік көрсеткіштен (589 800 теңге) жоғары сомаға тұтынушылық кепілсіз банктік қарызды немесе 75 айлық есептік көрсеткіштен (294 900 теңге) жоғары сомаға микрокредитті онлайн рәсімдеу кезінде қарыз алушыда бұрын кредит/микрокредит болмаған жағдайда, мұндай қарызды тек кредитор бөлімшесіне жеке барғаннан кейін ғана беру. Бұл туралы қарыз алушы алдын ала хабардар етіледі.
Банктер мен микроқаржы ұйымында 21 жасқа толмаған және 55 жастан асқан азаматтарға тұтынушылық кепілсіз кредит/микрокредитті тек олардың жазбаша келісімі болған жағдайда ғана рәсімдеуге тиіс.
Онлайн берілген тұтынушылық кепілсіз қарыздар бойынша "шешім қабылдау кезеңі" енгізіледі:
• 150 айлық есептік көрсеткіштен (589 800 теңгеден) 255 АЕК-ке (1 002 660 теңгеге) дейінгі сомаға қарыз шарты жасалғаннан кейін кемінде 8 сағат;
• 255 айлық есептік көрсеткіштен (1 002 660 теңгеге) асатын сомаға қарыз шарты жасалғаннан кейін кемінде 24 сағат.
Осы мерзім өткеннен кейін (8 сағат немесе 24 сағат) қарыз алушының келісімі алынған жағдайда ғана қарыз қаражаты аударылады.
Аталған қаулы "Кейбір заңнамалық актілерге қаржы нарығын дамыту, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 30 маусымдағы заңды іске асыру шеңберінде қабылданды. Басқарманың қаулысының толық мәтінімен агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинағының артығын тіс емдеуге пайдалануға тыйым салмақ
Енді алаяқтардың құрбаны болған азаматтар өз атына рәсімделген несиелерді жоя алады
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда төлемді бір күн кешіктірген тұтынушыға жаңа несие берілмейтінін жаздық. Енді несие төлемін кешіктірген азаматтарға жаңа қарыз берілмейді: банктер үшін – 30 күн, микроқаржы ұйымы үшін – 24 сағат шегінде. Банк қарызы мемлекеттің мойнына өтпей, акционердің капиталы есебінен жабылады. Қаржы ұйымдары базалық және әмбебап лицензия бойынша жұмыс істейді, әмбебап банктер исламдық қаржы құралдарын ұсына алады. Сондай-ақ жаңа заң цифрлық теңгені кеңінен төлем құралы ретінде қолдануды көздейді.

"Ауаға ең күшті улы заттар тарады": Экологтар Алматыдағы қоқыс полигонының өртіне байланысты дабыл қақты
