Қазақстанда мектеп оқушыларын гинекологтардың тексерісінен өткізіп тұру ұсынылды
Бас прокуратура жыл сайынғы оқушыларды медициналық тексерістен өткізу кезінде оларды гинекологтар мен хирургтардың қарауынан өткізуді ұсынды, деп мәлімдеді Қазақпарат ХАА-на Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко.
Ол мұның басты мақсаты – оқушылардың зорлау ісіне арандап қалғанын тексеру екенін айтады. Сонымен қатар, бұл оқушылардың жақындарынан қорғану үшін қажет.
Қылмысты ашу ісінде «Не молчи» сынды қозғалыстарға мемлекет тарапынан қолдау болады. Оның бастамашысы Динара Исмаилова желі арқылы өз басындағы оқиғаны айтып, өзгелерден ішкі сырын бұғып қалмауын сұрады.
«Мұндай шаралар шетелдерде кең таралған. Ата-аналар балаларының жағдайын ашық баяндап отырады. Осылайша қылмыскерді қолға түсіру жеңілдейді», – дейді Кравченоко.
«Мен Динараның аймақтарды аралауға баратынын білмеймін. Оның елді аралауын қолдағанымыз дұрыс. Қолдап қана қоймай, онымен бірге жүруіміз керек. Біз әрбір үйге кіретін боламыз», – деп прокурорларға қарата айтты.
Зорлық бойынша таныстарынан зардап шегетіндер 69 пайыз, әке-бауырларынан, өгей әкесінен, өзге туыстарынан жапа шегетіндер 27 пайызды құрайды.
Бас прокуратура зорлау ісіне ұшырағандарды арнайы психикалық тексеруден өткізуді ұсынды.
Жіберіп алмаңыз:
Ішіне жын кірген ер адам үйдегілерді зәресін алды (видео)
10 жылдан кейін топан судың астында қалуы мүмкін қалалар (фото)
Лилия Рах: Мен кінәлі емеспін. Бұл әділетсіз шешім
Түрмеде отырғандар қоқыс жәшігін жасап, қолғап тігумен айналысады