Қазақстанда оқу жылы екі аптаға ұзартылды
Оқу-ағарту министрлігі орта мектептерде оқу жылын 2 аптаға ұзарту туралы шешімін бекітті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: 24.kz
"Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында жаңа оқу жылының ұзақтығы бірінші сынып оқушылары үшін – 35 оқу аптасын, 2-11 сыныптар үшін 36 оқу аптасын құрайтыны жарияланды", – делінген ведомство жарияланған ақпаратта.
Сонымен оқу жылы ішіндегі демалыс мынадай болады:
- күзгі демалыс – 7 күн (2022 жылдың 31 қазаны мен 6 қараша аралығы);
- қысқы демалыс – 9 күн (2022 жылдың 31 желтоқсаны мен 2023 жылдың 8 қаңтары аралығы);
- көктемгі демалыс – 9 күн (2023 жылдың 18-26 наурызы аралығы).
- жазғы демалыс – 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін болады.
Осылайша, оқу жылы 31 мамырда аяқталады.
1 сыныптарда 7 күн қосымша демалыс қарастырылған (2023 жылдың 6-12 ақпаны аралығы). Ал жазғы демалыс 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін болады.
Оқу-ағарту министрінің бұйрығы тіркелу үшін Әділет министрлігіне жолданды.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді