Қазақстанда никаб киюге тыйым салатын заң енгізілмек
Фото: pixabay.com
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ақорда кулуарында "Қазақстанда никаб киюге заңмен тыйым салына ма?" деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәдениет министрлігі басшысы бұл мәселеге келгенде жеке заң жоқ екенін, алайда Ішкі істер министрлігі никаб киюге тыйым салатын норма қарастырып жатқанын айтты.
"Жеке заң жоқ екенін айтқым келеді. Ішкі істер министрлігі қарастырып жатқан норма бар. Ол норма никабқа тыйым салуды көздейді. Бұл норма қазір мәжілісте қаралып жатыр. Мәжілістің өз рәсімдері бар, менің білуімше, бірінші оқылымда талқылау жүріп жатыр немесе талқылап тастады", – деді Аида Балаева.
Еске салсақ, министр паранджа, никабқа қатысты шектеулер 2024 жылы енгізілуі мүмкін екенін айтқан еді.
Осы жылдың қаңтар айында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров дін тарату үшін үй-үйді аралап, қоғамдық орындарда никаб киюге тыйым салатын заңға қол қойған еді. Нәтижесінде көрші елде мемлекеттік органдарда және қоғамдық орындарда азаматты анықтауға мүмкіндік бермейтін киім кигені үшін жауапкершілік енгізілді. Мұндай киімді жұмысына немесе медициналық себептерге байланысты киюге ғана рұқсат етіледі.

"Қазақтың ашкөздігі - ашаршылықтан": Психолог ашаршылықтың қазақтарға қалай әсер еткенін айтты
