Қазақстанда мұғалімдерді өз жұмысына қатысы жоқ іске жеккендер айыппұл арқалайды

Қазақстанда мұғалімдерді өз жұмысына мүлде қатысы жоқ іске жеккені үшін айыппұл енгізілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәжілісте педагог мәртебесі мен білім беру саласындағы ережелерге қатысты екі заң жобасы талқыланды. Құжаттарды әлеуметтік-мәдени даму комитеті дайындаған.
Заң жобалары мектеп директорлары мен білім беру ұйымдары басшыларына арналған жаңа шектеулерді көздейді. Сонымен қатар талаптарды бұзғаны үшін айыппұл енгізу ұсынылып отыр.
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бірнеше негізгі ұсынысты атады:
- Біріншіден, мұғалімдердің балалардың өмірі мен денсаулығына қатысты жауапкершілігін тек оқу процесі уақытымен шектеу ұсынылады. Сабақтан тыс уақытта және демалыс кезінде балалар үшін жауапкершілік ата-аналарға жүктеледі;
- Екіншіден, мұғалімдерді кәсіби міндетіне қатысы жоқ іс-шараларға тартуға тыйым салу ұсынылып отыр. Мұндай талапты бұзғандарға айыппұл салу көзделген;
- Үшіншіден, есептілікті бір уақытта қағаз және электронды форматта жүргізуге тыйым салынбақ. Есеп тек бір форматта қабылдануы тиіс.
- Төртіншіден, педагогтарды өз жұмысының нәтижесін әлеуметтік желілерде жариялауға мәжбүрлеуге жол берілмейді.
“Педагог мәртебесі туралы” заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер мұғалімдер үшін түсінікті ережелер қалыптастыруға және артық жүктемені азайтуға бағытталған.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"
"Ауырып қалса, біз жауаптымыз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді