Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мопед жүргізушілеріне арналған жаңа ережелер жеткізу бағасының өсуіне әкеп соқпақ

Қазақстанда мопед жүргізушілеріне арналған жаңа ережелер талқыланып жатыр. Оларға ресми түрде жүргізуші куәлігін және мемлекеттік нөмір алу міндеттелген еді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар скутер мініп жүре алмайды. Қалғандары салық төлеп, сақтандыру рәсімдеуге міндеттеледі. Сол себепті Қазақстанда енді жеткізу қызметінің бағасы өсуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Мәліметтерге сенсек, жаңа талаптарға байланысты мопед жүргізушілерінің шығыны көбейіп, жеткізу қызметтері қымбаттауы мүмкін.

Президент қол қойған түзетулер жарты жылдан кейін күшіне енеді. Бұрын тек 50 текше сантиметрден үлкен қозғалтқышы бар скутерлерді тіркеу міндетті еді. Ал енді барлық мопедист мотоциклшілер секілді мемлекеттік нөмірлер алып, "А" немесе "А1" санатындағы жүргізуші куәлігін алуы керек.

Мопед жүргізушілерінің бірі Канат Ізбасқанов бұл талаптарды қолдайды. Ол бір жылдан бері курьер болып жұмыс істеп, айына шамамен 600 мың теңге табыс табады. Ол жаңа ережелерге байланысты курьерлер де қызмет ақысын көтеретінін болжап отыр. Себебі курьерлер азайып, сұраныс артады деп есептейді.

Ізбасқанов мопедтерде кәмелетке толмағандардың жиі жүргенін байқап, жаңа ережелер жол қауіпсіздігін жақсартуға көмектеседі деп санайды.

"Курьерлік қызметтер міндетті түрде курьерлердің жалақысын көтеруге мәжбүр болады. Себебі курьерлер оқып, жүргізуші куәліктерін алуға тиіс. Бұл, егер айту керек болса, курьерлердің саны азаяды дегенді білдіреді. Сондықтан курьерлерге сұраныс артады. Біз күніне орташа 20-30 мың теңге табамыз. Одан бөлек, тағы да бонус беретін жерлер бар. Ай сайын, әрине, жақсы шығады. Қазір күнкөріс үшін жетеді", – деді курьер.

Қанаттың айтуынша, кәмілетке толмағандар арасында жол көлік оқиғалары көп болады.

Автокөлік жүргізушілері мопедистерге деген ашуын білідіріп жатыр. Олар мопед жүргізушілерінің жол ережелерін мүлдем сақтамайтынына шағымданады. Мопедтерді басқарғандар жолда басқа көліктерді орап өтіп, қиып кетеді, қызыл жарыққа тоқтамайды және тротуарларда да жүреді. Жаяу жүргіншілерді қағып кетіп, тоқтамастан әрі қарай жүре береді.

Жақында Камила Рахметті мопедтегі жас жігіт қағып кете жаздаған.

"Ата-аналары балаларына мопед сатып әпереді, ал олар жолда қалай болса солай жүреді. Жол ережелерін білмейді. Соларды жиі тексеріп отырса, жақсы болар еді. Бірде қолымды қағып кетті де, әрі қарай жүре берді, артына қараған да жоқ", – деді Камила Рахмет.

Автоэксперттердің айтуынша, қазір скутерлерді анықтау мүмкін емес. Себебі олардың нөмірлері жоқ, ал жүргізушілерінің көбіне жүргізу құқығы болмайды. Сондықтан мопед жүргізушілері өздерін жазасыз сезінеді.



"Олар жолдағы басқа қатысушылармен қақтығысып, адамдарды қағып, өздері де қаза болады. Енді бізге жарты жыл күту керек. Бұл уақытты тағы да шыдаммен күтеміз, кешіріңіздер. Өкініштісі, бұл заңды кеш енгіздік, оларға жазасыздықты сезінуге мүмкіндік бердік", – деді "За рулем Казахстан" журналының бас редакторы Алексей Алексеев.

Келесі жарты жылда мопедпен жүруге ниет білдіргендер автомектептерде оқып, құқық алу үшін емтихан тапсыруы қажет болады. Мопедтер мотоциклдер секілді автоЦОН-дарда тіркеледі. Иелері салық төлеп, сақтандыру рәсімдеуге және техникалық байқаудан өтуге мәжбүр болады. Көлік ақаулы күйде немесе дыбыссыз жүрсе, айыппұл салынады.

"Общая дорога" қауымдастығының жол қауіпсіздігі президенті Арсен Шакуов мопед жүргізушілері үшін айыппұлдардың ұлғаятынын айтады. Ол мопедистердің қатарлар арасынан жүруге үйреніп қалғанын, ал мұндай әрекеттің жол ережелерімен тыйым салынғанын атап өтті. Шакуов мопед жүргізушілерінің мемлекеттік нөмірсіз жүрсе, олардың көліктері айыппұл тұрағына қойылатынын жеткізді.

Алматыда мопедистермен болатын жол-көлік оқиғаларының саны былтырмен салыстырғанда 2,5 есе өскен. Сонымен қатар өліммен аяқталған оқиғалар да көп.

"Алматының жергілікті полиция қызметінің мәліметтері бойынша, биыл жылдың тоғыз айында мопедтердің қатысуымен 743 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өкінішке қарай, 14 адам қаза тапты, 757 адам жарақат алды", – деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сарапшылар самокат жүргізушілері үшін де нөмірлер мен жүргізуші куәліктерін енгізуді ұсынып отыр. Олар болашақта самокатшылардың саны едәуір көбейетінін болжайды. Мамандар ережелердің қатайғаннан кейін көптеген мопед жүргізушілерінің электрлік екі дөңгелекті көліктерге ауысатынына сенімді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда енді жүргізуші белгіленген жылдамдықтан асырса 147 мың теңге айыппұл төлейтінін жаздық. Егер бір жылда құқықбұзушылық қайталанса, айыппұл 60 АЕК-ке дейін өсіп, 221 520 теңгеге жетеді. Мемлекет басшысы жол қозғалысын ұйымдастыруға қатысты екі заңға бірдей қол қойды. Олардың бірінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізіліп, жүргізушілерге арналған айыппұлдардың жаңа мөлшері бекітілді. Бұл айыппұлдар екі айдан кейін күшіне енеді.

Талқылау