Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мобильді интернет тарифтерін төмендетуді талап ететін петиция жарияланды

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда мобильді интернет тарифтерін төмендетуді және ұялы байланыс қызметтерінің бағасына мемлекеттік реттеуді қайта енгізуді талап ететін петиция пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Петиция GosRating.com сайтында жарияланған, петиция авторының Усман Асанов есімді азамат екені көрсетілген. Өтініш бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен цифрлық даму министрлігіне бағытталған. 

Петиция авторлары ұялы байланыс операторларының қазіргі баға саясатын орынсыз деп бағалаған. Авторлар компаниялардың жабдық сатып алу үшін, салық ауыртпалығына, соның ішінде ҚҚС-тың өсуіне сілтеме жасай отырып, тарифтік жоспарларды жыл сайын көтеретінін, алайда байланыс сапасының жақсармайтынын айтады. 

“Нарықтық өзін-өзі реттеудің сәтсіздігі. Шынайы бәсекенің болмауы операторлардың бірлесіп әрекет етуіне әкелді. Бағаның көтерілуі нарықтағы барлық ойыншыларда бір уақытта жүреді, бұл азаматтарды таңдау мүмкіндігінен айырады және баға бойынша оператор арасында келісім барын көрсетеді”, – делінген петиция мәтінінде. 

Петицияда сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің, онлайн-банкингтің және білім берудің цифрландырылуын ескере отырып, интернетке қол жеткізудің артықшылық емес, негізгі қажеттілік екені атап өтілген. Сондықтан авторлар мемлекет азаматтарды жеке компаниялардың бағаны негізсіз өсіруінен қорғауға міндетті деп санайды.


Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте қай орында екені белгілі болды

Қазақстанда ұялы байланыс тарифтерінің өсуі 5G-ге салынған инвестициямен байланысты – Вице-министр 


Петицияның негізгі талаптарының ішінде:

- қолданыстағы тарифтерді қызмет көрсету сапасына және халықтың сатып алу қабілетіне сәйкес келетін деңгейге дейін төмендету;

- ұялы байланыс пен интернетті әлеуметтік маңызы бар қызмет ретінде тану;

- Қазақстандағы және басқа елдердегі байланыс бағаларының ресми салыстырмалы талдауын жүргізу;

- ҚҚС-ның көтерілуін сылтауратып тарифтерді көтеруге тыйым салу;

- қызмет көрсету сапасы төмен кезеңдер үшін абоненттерге өтемақы төлеу.

Петиция авторлары қолжетімді байланыс корпорациялар үшін шексіз пайда табу құралы емес, халықтың құқығы екенін атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін мәжіліс депутаты қазақстандық мобильді операторларды тариф құнын келісіп 20% көтерді деп айыптап, тексеруді талап еткен еді.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 15 Қаңтар, 2026 22:55